Мамандарына арналған «Базалық курс» өтті

0
30

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында шекаралық бақылау бөлімшелерінің әскери қызметшілері үшін арнайы «Базалық курс» бағдарламасы бойынша оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды.

Курстың басты мақсаты — шекаралық бақылау бөлімшелерінде қызмет атқаратын әскери қызметшілерді басқарманың тыныс-тіршілігімен таныстыру, кәсіби даярлық деңгейін арттыру және бөлімшелер арасындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру. Оқу-жаттығу жиыны әскери қызметшілердің кәсіби машығын жетілдіріп, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында сапалы қызмет атқаруға негіз болмақ.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ