Үздік шекаралық бақылаушы анықталды

0
24

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы «Нұр жолы» жолаушылар және жүк бағыттары бойынша бақылау бөлімінде бақылаушылары арасында «Үздік шекаралық бақылау маманы» атағына арналған кәсіби сайыс өтті.


Сайыс әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін жетілдірумен қатар, бөлімшелер арасындағы ынтымақтастықты арттырып, қызметке деген жауапкершілік пен бәсекелестік рухын қалыптастыруға бағытталды. Сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан қатысушылар арнайы марапатталып, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ