Басқарма күні аталып өтті

0
18

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының құрылған күніне арналған салтанатты жиын өтті.


Іс-шараға басқарма басшылығы, әскери қызметшілер, ардагерлер мен шақырылған қонақтар қатысты. Мерекелік жиында басқарманың тарихы мен жеткен жетістіктері атап өтіліп, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы ерекше қызметтері ерекше құрметпен айтылды.
Бұл күн – «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының ел қауіпсіздігін қорғаудағы жауапты қызметінің мән-маңызын айқындайтын маңызды белес болып табылады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті


ПІКІР ЖАЗУ