Жетісулық сарбаз – үздік радиотелефоншылар қатарында

0
28

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Жетісу» шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Елнұр Қанат үлгілі қызметімен ерекше көзге түсіп келеді.


Ол Алматы облысы, Ұзынағаш ауылының тумасы. Елнұр мектепте озат оқып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, мектеп парламентінің президенті болған. Оқумен қатар спортты қатар алып жүрген ол бокстан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері атанған.
Қазіргі таңда қатардағы жауынгер Елнұр Қанат шекара бөлімшелері арасында үздік радиобайланыс мамандарының бірі ретінде танылып отыр. Әскерге өз еркімен келген сарбаз – тәртіптілігімен, жауапкершілігімен және кәсіби дайындық деңгейімен ерекшеленуде.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ