“Көксу” шекара бөлімшесінде профилактикалық кездесу өтт

0
27

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің “Көксу” шекара бөлімшесінің жеке құрамымен Сарыөзек әскери тергеу бөлімінің тергеушісі капитан Х.Ысқақ “Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу” тақырыбында кездесу өткізді.


Іс-шара барысында әскери қызметшілерге қылмыстық құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары мен жауапкершілік шаралары туралы кеңінен түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар қызметтік тәртіпті сақтау, жеке құрам арасындағы әдеп нормалары мен заңға бағынудың маңыздылығы туралы айтты.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар әскери ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жеке құрамның құқықтық мәдениетін арттыруға және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ