Сарыбөктерлік сарбаз – тәртіп пен табандылықтың үлгісі

0
20

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Сарыбөктер» шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Ерарыс Лесбек әскери қызметімен ерекшеленіп келеді.


Ол Түркістан облысы, Арыс қаласының тумасы. Ерарыс бала жасынан білім мен спортты қатар алып жүрген. Мектепте үздік оқушылар қатарында болды.
Оқумен қатар еркін күрес, бокс, шығармашылық және технологиялық шеберлік секілді түрлі бағыттарда облыстық және аудандық жарыстардың жүлдегері атанған.
Ерарыс “Сарыбөктер” шекара бөлімшесінде атқышы болып, жеке құрам арасында үздік қызметімен және тәртібімен танылып отыр. Ел тыныштығын күзету жолында жауапты міндетін абыроймен атқарып жүрген жас сарбаз – болашақ офицер болуға лайық сарбаз.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ