ЖАҢА АВТОБУС БАҒЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

0
57

Талдықорған қаласында №27 жаңа автобус бағыты өз жұмысын бастады. Бұл бағыт Ынтымақ шағын ауданынан басталып, «Бірлік», «Құлагер», «Мүшелтой», «Болашақ» және «Жастар» шағын аудандары арқылы өтіп, қала орталығының бірқатар маңызды көшелерін қамтиды. Атап айтқанда, бағдар Гаухар ана көшесімен де жүреді.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, қазіргі таңда бұл бағытта 4 автобус қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта жолаушылар тарапынан сұраныс артқан жағдайда, қосымша тағы 4 автобус қосу жоспарланып отыр. Айта кету керек, №27 бағытта қызмет көрсететін автобустар заманауи, жайлы «Yutong» маркалы жаңа қоғамдық көліктер.
Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Ернат Бәзілдің тапсырмасымен тұрғындардың қатынауын жеңілдету мақсатында 2025 жылғы тамыз айынан бастап Гаухар ана көшесінде екі бағыттағы көлік қозғалысы ашылған болатын.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»