КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ ЖӨНДЕЛУДЕ

0
60

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған бағдарлама бойынша биылғы жылға барлығы 33 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін жөндеу жоспарланған.

Қазіргі таңда 11 үйдің қасбеті толықтай жөнделіп, пайдалануға берілді. Қалған нысандарда жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда. Жөндеу жұмыстары облыстың үш өңірінде жүзеге асырылып жатыр: Талдықорған қаласында – 20 үй, Ақсу ауданында – 11 үй,Алакөл ауданында – 2 үй.
Бағдарлама аясындағы бұл бастама – тек ғимараттардың сыртқы келбетін жақсартуға емес, сонымен қатар тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға, эстетикалық ортаны қалыптастыруға бағытталған. Сонымен бірге, бұл шаралар қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымын жаңартуға да өз үлесін қосып отыр.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ