САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Жанар Қанатқызы санитарлық-эпидемиологиялық сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты шара барысында ол бұл мамандық иелерінің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың тынымсыз еңбегіне алғыс білдірді. Жанар Қанатқызы сала қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тіледі.
Халық денсаулығын сақтау жолында үнемі алдыңғы шепте жүретін мамандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жүйелі жұмысы – ел қауіпсіздігі мен амандығының кепілі. Шара соңында мамандарға жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»