КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
54

17 қыркүйекте Жетісу облыстық мәслихатының кезекті XХХ сессиясы өтіп, күн тәртібінде бес мәселе қаралды.

Күн тәртібінде ең алдымен «Жетісу облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін бекіту» мәселесі талқыланды. Осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облысымызда жоғары өсу қарқынына қол жеткізілді, облыс бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 112,5 процентті құрағаны айтылды. Сонымен қатар, Жетісу облысы әкімінің міндетін атқарушы Әлібек Әскербекұлы облыстағы ауыл шаруашылығы мен су шаруашылығына қатысты көрсеткіштерді баяндап, өнеркәсіп әлеуетін дамытуды баса назарға алуды ұсынды. Жол және тұрғын үй құрылыстары жайынан да өңірде 8 айда 186,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берлгенін, жергілікті маңызы бар жолдарды салуға және жөндеуге биылға 52,4 млрд. теңге қамтылғанын тілге тиек етті. Білім, спорт, мәдениет, медицина салаларындағы көрсеткіштермен бөлісті.Депутаттар тарапынан талқылауға түскен мәселе дауысқа салынып, бір ауыздан шешім қабылданды.
Екінші мәселе бойынша «Жетісу облыстық полиция Департаментінің 2024-2025 жылдарда атқарған жұмыстары» талқыланды. Есепті кезеңде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, Мал және ет өнімдерін сатып алатын және өткізетін орындарға бейнебақылау камераларын орнату, интернет – алаяқтық, кәмелет жасқа толмағандармен жасалған қылмыстар және өзге өзекті мәселелердің көрсеткішін баяндады. Сонымен қатар, ПД жергілікті бюджетіне биылғы жылы бөлінген қаржының қандай бағыттарда жұмсалғаны жайлы да толықтырылып айтылды.
Үшінші мәселеде «Жетісу облысындағы туристік саланың жай-күйі мен даму перспективалары» талқыланды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы С.Сәбетайұлы өңірдегі негізгі көрсеткіштерге тоқталып, туризм саласын дамыту Алакөл және Балқаш көлдері, Алтын-Емел және Жоңғар-Алатау ұлттық саябақтары, Жоңғар Алатауы тау жоталары сияқты 5 бағыттың әлеуетін және 54 туристік маршруттардың барын айтты. Ол аймақтарда осы уақытқа дейін жасалған туристерге арналған жайлылық жайында атқарылған істерді және өткен жылдары күрделі мәселе болған бірнеше кемшіліктің жойылғанын баяндады.
Төртінші мәселеде «Қазақстан Республикасы Президентінің «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлығының Жетісу облысында орындалу барысы» туралы облыстық Білім басқармасында атқарылған жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды. Оның ішінде нақты өңірдегі колледждерде ашылып жатқан жаңа мамандықтар және оған тиісінше студенттерді тарту, оларға сапалы блім беру жайлы баяндама жасалды.
Бесінші мәселе Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 мамырдағы № 3-25 «Жетісу облыстық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы шешім қабылданды.

Гүлнұр БАЙМҰХАН