«ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ — ПАТРИОТТЫҚ ҮЙІРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Көксу» шекара бөлімшесінің бастығы майор Н.Исмайылдың қатысуымен Талдықорған қаласында орналасқан «Айналайын» балаларды қолдау орталығында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесінің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шара барысында балалар концерттік бағдарлама қойып, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар орталықта әскери музейдің тұсауы кесілді. Келер жылға арналған іс-шаралар жоспары талқыланып, балалармен еркін форматта сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
