ЖАҒЫМСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

0
21

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында Панфилов аудандық діни басқармасының басшысымен бірлесіп, жеке құрам арасында жағымсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында әскери қызметшілер ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды әңгіме өрбіді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті