«ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР АМАНАТЫ»

0
40

Жетісу облысында «Жұмысшы жастар аманаты» атты өңірлік жастар форумы өтті. «AMANAT» партиясының облыстық филиалының қолдап, «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырды.

Басты мақсаты — аймақтағы жұмысшы жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына жаңа серпін беріп, еңбек адамының мәртебесін көтеру, сондай-ақ олардың әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейту. Форум аясында жұмысшы мамандықтар жылы ресми түрде аяқталғанына қарамастан, еңбек адамын дәріптеу, жұмысшы жастарға жағдай жасау және бұл бағыттағы қолдауды жалғастыру мәселесі кеңінен талқыланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмысшы жастар өңірдің экономикалық тірегі. Сондықтан олардың білімін, кәсіби біліктілігін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік бастамаларын қолдау — алдағы жылдары да басты назарда болмақ.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ