ЖАСТАР АУЫЛЫНДА ЖАҢА ФАП АШЫЛДЫ

0
13

Жаңа ФАП «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Тапсырыс беруші – «Жетісу облысының құрылыс басқармасы» ММ. Жобаның жалпы құны 190,2 млн теңгені құрады, мердігер – «Жаркент алғыр» ЖШС. Нысан заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтылған.
Фельдшерлік-акушерлік пунктте ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық, амбулаториялық және жедел медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ профилактикалық тексерулер мен екпелер жүргізіледі. Жастар ауылында 738 тұрғын бар, олардың барлығы негізгі медициналық қызметтермен қамтылады.
Жобаның басты мақсаты – ауыл халқы үшін жайлы жағдай жасап, алғашқы медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

 

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»