ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ОТЫРЫСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА ӨТЕДІ

0
23

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Ұлттық құрылтайдың кезекті жиыны 20 қаңтар күні Қызылорда қаласында өтетінін айтып, дайындық жұмыстарына ерекше мән беруді тапсырды.

Ұлттық құрылтай 2022 жылдың маусымында Президент Жарлығымен құрылған. Осыған дейін қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы диалог алаңы болған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі таратылып, оның орнына жаңа форматтағы кеңесші орган – Ұлттық құрылтай іске кірісті. Құрылтайдың басты мақсаты – азаматтардың пікірін ескере отырып, ел дамуының негізгі бағыттарын айқындауға ықпал ету.
Құрылтай отырыстары елдің әр өңірінде кезек-кезек өткізіліп келеді. Алғашқы басқосу Түркістанда ұйымдастырылса, кейін Атырау, Ұлытау және Бурабай қалаларында жалғасын тапты. Жиындарда әлеуметтік-экономикалық даму, ұлттық болмысты сақтау, мәдениет пен білім саласы, тіл мәселесі, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы өзекті тақырыптар талқыланып, нақты бастамалар ұсынылды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»