Дропперлік – қауіпті əрекет

0
17

Қазіргі таңда дропперлік қаржылық алаяқтықтың кең тараған түріне айналып отыр. Дроппер деп өз банк картасын немесе шотын басқа адамдарға пайдалануға берген адамды айтады. Көп жағдайда азаматтар бұл əрекеттің қылмыс екенін түсінбей қалады.

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 232-1-бап енгізіліп, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Аталған заңға сəйкес, банк реквизиттерін үшінші тұлғаларға берген адамдар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алаяқтар көбіне əлеуметтік желілерде «жеңіл табыс» ұсынып, жастарды алдайды. Мұндай жұмысқа арнайы білім немесе тəжірибе талап етілмейді, ал табыс тым жоғары деп көрсетіледі. Нəтижесінде адамдар қылмыстық əрекетке өздері де байқамай араласып кетеді. Дропперлікке қатысудың салдары ауыр: банк шоттары бұғатталып, қаржылық жəне қылмыстық жауапкершілікке əкеледі. Сондықтан əр адам өз банк картасының деректерін ешкімге бермеуі жəне күмəнді ұсыныстардан аулақ болуы керек.

Алиса ЕСЕНБЕКОВА,

ҚБқ-411