МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

0
20

Жетісу облыстық көпсалалы клиникасы 700 мыңға жуық тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта диспансерлік есепте 8 мыңға жуық науқас тіркелген, олардың 55 пайызы бес жылдан астам уақыт бақылауда.

2025 жылы есепке алынған 1407 науқастың 67 пайызы, яғни 934 адамнан аурудың белгілері ерте I–II сатысында анықталды. Скринингтік тексерулер нәтижесінде 143 жағдай анықталды. Жалпы есепте тұрған науқастар саны 7775-ке жетсе, олардың 65 пайызы 5 және одан да көп жыл өмір сүріп келеді.
2025 жылы клиникаға 70-тен астам жаңа медициналық техника алынып, кадрлық құрам сегіз маманмен толыққан. Онкологиялық көмектің сапасын арттыру мақсатында 20 төсектік күндізгі стационар салынған.
Сонымен қатар, клиника мамандарымен халық арасында профилактикалық жұмыстар да жақсы жүргізілуде. 2025 жылы 17 «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, 771 адам тексеруден өтіп, нәтижесінде 98 ісікке дейінгі жағдай және 29 қатерлі ісік анықталған.
Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағытында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары мен орталық аудандық ауруханалар мамандары үшін 12 лекция мен семинар өткізіліп, оған 712 дәрігер мен орта буын медицина қызметкері қатысыпты. Бұдан бөлек, 5 мастер-класс ұйымдастырылған.

Алиса Есенбекова,
ЖУ студенті