МАМЫР АЙЫНДА ҚАНША КҮН ДЕМАЛАМЫЗ?

0
29

Мамыр айы қазақстандықтар үшін ең жайлы кезеңдердің бірі. Көктемнің соңғы айы қатар келген мемлекеттік мерекелердің көптігімен ерекшеленеді. Соның арқасында тұрғындарДЫҢ демалыс күні ұзарып, сапарға шығуға немесе жақындарымен уақыт өткізуге мүмкіндік туады.

Демалыс күндерінің жалпы саны
2026 жылдың мамыр айында демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты әртүрлі болады. Нақты айтқанда, жұмыс күндері ең аз айлардың бірі болып тұр. Мысалы:
— Бес күндік жұмыс аптасы бойынша – 14 демалыс күні, 17 жұмыс күні;
— Алты күндік жұмыс аптасы бойынша – 9 демалыс күні, 22 жұмыс күні бар.
Мамырдағы негізгі мерекелер
Айдың басы Қазақстан халқының бірлігі күнімен басталады. Бұл мерекеде:
— Бес күндік жұмыс істейтіндер үшін 1, 2 және 3 мамыр (жұма–жексенбі) қатарынан демалыс болады.
— Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 1 мамыр ғана демалыс, 2 мамыр – жұмыс күні, ал 3 мамыр – жексенбілік демалыс.
Келесі ірі мерекелер – Отан қорғаушылар күні (7 мамыр) және Жеңіс күні (9 мамыр).
Осы жылы 9 мамыр сенбіге түскендіктен, демалыс күні заңға сәйкес 11 мамырға (дүйсенбі) ауыстырылады. Онда:
— Бес күндік жұмыс аптасында демалыс 7 мамыр (бейсенбі) – демалыс, 8 мамыр (жұма) – жұмыс күні. Ал 9, 10, 11 мамыр (сенбі–дүйсенбі) – қатарынан үш күн демалыс
— Ал алты күндік жұмыс аптасында 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс күні болса, 9 және 10 мамыр – демалыс. Бірақ 11 мамыр – жұмыс күні саналады.
Құрбан айт
Мамыр айының соңында мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі – Құрбан айттың бірінші күні атап өтіледі. Алдын ала есеп бойынша, 2026 жылы бұл күн 27 мамырға (сәрсенбі) сәйкес келеді және қосымша демалыс береді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»