ЕСКЕРТКІШТЕР ЖАҢАРЫП, АЙНАЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

0
52

Жеңіс күні қарсаңында Ақсу ауданында тарихи ескерткіштерді күтіп ұстау және абаттандыру бағытында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Соның аясында, Нұрсұлтан Есеболатов ескерткішінің маңында санитарлық-тазалық және көріктендіру шаралары жүргізілді.

Іс-шара барысында ескерткіш аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар, қоршаулар мен маңайдағы нысандар әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тарихи орынның келбеті жаңарды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – ел тәуелсіздігі мен бейбіт өмір жолында жанын қиған батырлардың ерлігін дәріптеу, тарихи мұраларға құрмет көрсету және жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру.
Айта кетерлігі, мұндай тазалық және абаттандыру шаралары аудан аумағындағы жалпы 15 ескерткіште жүзеге асырылды. Бұл бастама – өткен тарихқа тағзым жасап, елдік құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ