«INVEST CARAVAN» АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Ақсу ауданында прокуратураның ұйымдастыруымен «INVEST CARAVAN» акциясы шеңберінде аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан және жаңа бастамаларды қолға алуға ниетті инвесторлармен кездесу өтті.
Іс-шараға аудан прокуроры Дастан Тұрсынов, жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті мекемелердің өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты. Кездесу барысында қатысушылар аудан аумағындағы өндірістік нысандарды аралап, жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Жиында инвесторлар көтерген негізгі мәселелер – инфрақұрылымға қолжетімділік, әкімшілік кедергілерді азайту, мемлекеттік қолдау шаралары және инвесторлардың құқықтарын қорғау болды. Сонымен қатар жобаларды жүзеге асыру кезінде туындайтын түйткілдер жан-жақты талқыланды.
Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу өнеркәсібі, тау-кен саласы және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы жобалар іске асырылып жатыр. Алдағы кезеңде жаңа инвестициялық бастамаларды қолдау және өндіріс көлемін арттыру көзделіп отыр.
Кездесу барысында аудан аумағындағы инвестициялық ахуалды жақсарту және жобалардың тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»










