ОТОТАНДЫҚ ӨНДІРІС — ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТІРЕГІ

0
35

 

Талдықорған қаласына «Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабының жетекшісі мен мүшелері жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында өңірдегі бірқатар нысандарды аралап, кәсіпкерлермен және өндіріс өкілдерімен кездесулер өткізілді.
Сол кездесулердің бірі энергетикалық инфрақұрылымға қажетті бөлшектер шығаратын «DENK» ЖШС зауытында өтті.
Кәсіпорынның жұмысымен танысып, отандық өндірісті кеңейту, жаңа өндіріс орындарын дамыту және импортқа тәуелділікті азайту мәселелерін талқыладық.
Бүгінде мұндай кәсіпорындарды қолдау – экономикалық қауіпсіздік пен тұрақты дамудың маңызды факторы. Ел ішінде қажетті өнімді шығару арқылы біз импорт көлемін азайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасының әлеуетін арттыруға мүмкіндік береміз.
«Әділет» партиясының ұсыныстарының қатарында отандық өндірушілерге ҚҚС қайтару рәсімін жеңілдету, өндірісті және ел ішіндегі өңдеуді кеңінен қолдау, кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелері бар.
Біздің ұстанымымыз айқын: отандық кәсіпорынды қолдау – ел экономикасын қолдау. Өңірде өндіріс дамып, кәсіпкерлікке мүмкіндік көбейген сайын, халықтың әл-ауқаты да арта түседі.

Амангелді ЕСБАЙ,
Facebook парақшасынан алынды