3 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

0
37

Талдыкорған тұрғындарының шағымынан кейін «Мажико» май зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тұрғындар кәсіпорын маңынан тараған жомның жағымсыз иісіне шағымданған, — деп хабарлайды inform.kz.

Жетісу облысының экология департаменті «АгрокомплексЖетысуМажико» ЖШС-ін 2026 жылғы 3-7 тамыз аралығында тексерді. Нәтижесінде кәсіпорынның ІІ санаттағы нысанды тиісті экологиялық рұқсатсыз пайдаланғаны анықталды.
Кәсіпорында тазарту қондырғысы болғанымен, бұл экологиялық рұқсат алу міндетінен босатпайды.
Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Талдықорған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәсіпорынға 700 АЕК, яғни 3 млн теңгеден астам айыппұл салды.
Сонымен қатар, сот кәсіпорын қызметін экологиялық рұқсат алынғанға дейін үш айға тоқтатуға шешім шығарды. Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

«Алатау-ақпарат»