Оқушыларымыз жарқын жеңіске үлес қосты

0
35

     22-29 тамыз күндері аралығында, Астана қаласында волейболдан
2009 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасындағы Жастар Лигасы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Тартысты жарыстың қорытындысы бойынша Жетісу облысының волейболшылары жеңімпаз атанды. Екінші жүлделі орынды Абай облысының ұжымы ие болды. Үшінші жүлделі орынды Павлодар облысының командасы еншіледі.

        Сүйсінерлігі сол, Жетісу облысы құрамасының сапында біздің мектебіміздің оқушылары Ахмет Мейрамбек, Бейімбет Мейрамбек, Охан Рахмен және Асқар Ералы жасындай жарқылдап, команданың жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты. Айта кету керек, бұларды тәжірибелі жаттықтырушы Айдар Момынгелдинов волейболдың қыр-сырына баулып жүр.
Бұған қоса, 2010-2011 ж жасөспірім қыздар арасындағы Жастар Лигасы Қазақстан Республикасының чемпионатында да жетісулық арулардың мерейі үстем болды. Екінші орынға Жамбыл облысының командасы табан тіресе, үшінші орын Астана қаласының ұжымына бұйырды. Жеңімпаз атанған жерлестеріміздің сапында да біздің екі оқушымыз Асылы Абитай мен Зүбилә Әмиіннің (бапкерлері — Мөлдір Тілеуқалиқызы) өнер көрсетіп, жарқын жеңіске өзіндік үлестерін қосқанын мақтан тұтамыз.
Айман СЕРІКҚҰЛОВА,

мектеп-интернат-колледжінің әдіскері