Басшылар есебі тыңдалды

329

Алматы облыстық мәслихатының денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы  облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мәжіліс залында өткен отырысты облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрайымы Р. Салыкова ашып, жүргізді. Күн тәртібінде халық қалаулылары  нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын Алматы облысында жүзеге асыру барысы, Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспардың Алматы облысында жүзеге асыру барысы, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2020 жылы атқарған қызметі, Алматы облысындағы кітапханалардың қазіргі таңдағы жағдайы туралы мәселелер қаралды.

Аталған мәселелер  бойынша облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Көлбаев, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының м.а Бақтияр Шампиков, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Асқар Қалиасқаров, облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқар-масы басшысының орынбасары Санжар Сабырбаев есеп берді.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен Қапашұлы өз есебінде   «2020 жылы 20 мәдениет нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына 4,7 млрд. теңге, 27 нысанның ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 439,4 млн. теңге бөлінгенін айтты. Мұнымен қоса  21 нысанға ЖСҚ әзірлеуге 202,8 млн. теңге бөлініпті. «Биыл

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 4519,3 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 12 нысанның күрделі жөндеуіне 4 029,8 млн. теңге, екі  ғимараттың қайта құрылыс жұмыстарына 489,6 млн.теңге қарастырылған», – деген ол  мәдениет саласындағы негізгі атқарған жұмыстармен таныстырып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Тұрақты комиссияның мүшелері мәдениет саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, басқарма басшысы тарапынан тиісті жауаптар алынды.

Күн тәртібіндегі өзге де  мәселелер бойынша тиісті басқарма басшыларының есебі тыңдалды. Отырыс  соңында барлық ұсыныс-ескертпелер назарға алынып, шешім қабылданды.

 

С. БАЗАРҚҰЛОВА.

 

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ