ВАКЦИНА қаншалықты қорғайды?

0
1027

Қазір ел ішінде коронавирус жұқтырып, аурудан жазылған адамға вакцина салуға бола ма? –дегендер көбейді. Осыған қатысты Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман былай жауап береді.
Оның сөзінше, адам ағзасы үшін антиденелер ешқашан көп болмайды.
«Қазір әлемде вакцинаның шамамен 3 миллиард дозасы салынған. Олардың арасында коронавирус жұқтырып, жазылғандар аз емес. Ауырып шыққандарға вакцина салынса, иммунитет 50 есеге дейін күшейеді, яғни, қорғаныс күші артады. Бір сөзбен айтқанда, нағыз қорғалғандар — ауырып жазылған соң, вакцина салдырғандар», – деді А. Шарман. Ол соңғы зерттеулерге сәйкес, «дельта» штамы антиденелерге қарамастан жұғуда екендігін айтып вакцина салдыруға кеңес берді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ