Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер қаралды

0
1569

 Алматы облыстық мәслихаттың денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өттті. Бұл туралы  облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның  Алматы облысында жүзеге асыру барысы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ө.Ниязбеков есеп берді. Өз баяндамасында басқарма басшысы  медициналық мекемелердің медициналық техникамен жабдықталу көрсеткіші   88,9 пайызға орындалғанын тілге тиек етті. «Облыс бойынша медициналық қызметкерлердің орташа жалақысын көтеру бойынша Президенттің тапсырмасын орындай отырып, дәрігердің орташа жалақысы 277 143,0 теңгені құрады. Дәрігерлер тапшылығын шешу жолдарының бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады, облыс бойынша 2020 жылы жергілікті әкімдіктер 104 пәтер және үй бөлді. 2020 жылы Талдықорған қаласында 200 төсектік модульдік инфекциялық аурухана, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында бір кезекте 100 келушіге арналған әйелдер консультациясы бар 100 төсектік перзентхана, 10 дәрігерлік амбулатория және Көксу ауданының Айнабұлақ ауылында медициналық пункт салынды. Жалпы, құрылысқа 12,0 млрд.теңге бөлінсе, оның  11,9 млрд. теңгесі игерілді»  – деді  баяндамашы.

Тұрақты комиссия мүшелері жиында аудан-қалаларды аралау барысында анықталған өзекті сұрақтарды көтеріп, оның шешу жолдары бойынша басқарма басшысынан жауабын алды.

Отырыс соңында қаралған мәселе бойынша шешім қабылданып, денсаулық саласындағы сұрақтар депутаттар тарапынан үнемі жіті назарда болатындықтарын тілге тиек етті.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

 

 

 

 

 

 

 


ПІКІР ЖАЗУ