Ерекше саябақ салынуда

365

Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше ауданда қойтастардан тұратын ерекше саябақ ашылмақ.

Аудан әкімі Амантай Мұқанов қойтас саябағын салу екі кезеңмен жүзеге асырылатынын айтты. Биыл жол, арық, жарық жүйелері ретке келтірілсе, содан кейінгі жұмыстар, ол, әрине, көшеттер отырғызу, тас арасына қосымша демалыс орындарын жасау. Ал, болашақта саябақ ортасында орналасқан жасанды көлшікті жаңа қалыпқа келтіріп, арнайы жаз айларында суға шомылу орнын ашуда жоспарда бар.
Қайта жандандыру жұмыстарын мамыр айында бастаған «Хан Тенгри» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аталған демалыс орнын жоспар бойынша ағымдағы жылдың қазан айында ел игілігіне ұсынбақ. Қазіргі таңда құрылыс аумағында 25-ке жуық қала тұрғыны маусымдық жұмыспен қамтылған. Солардың қатарында 18 жастағы Нұркен Ержанұлы да бар.
Өз сөзінде ол жасалып жатқан саябақтың бір тасын болсын қаласқанына қуанышты екенін айтты.
Айта кетейік, Қойтас саябағының бірінші кезеңіне жергілікті бюджеттен 62 миллион теңге қаражат бөлініпті.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бөлісу:

ПІКІР ЖАЗУ