Заңнамалық өзгерістер баяндалды

0
706

Талдықорғанда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажановтың қатысуымен онлайн-брифинг өтті. «Пара бергені, парақорлыққа делдал болғаны және бизнеске заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті күшейту» тақырыбында өткен жиында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша соңғы заңнамалық өзгерістер таныстырылды.

Брифинг аясында Ернар Мақажанов барлық заңнамалық нормалардың қабылдануы – жемқор-лықпен күресті кү-шейтуге зор үлес қосып, оның деңгейін төмендетуге ықпал ететіндігін баса атап өтті. Сондай-ақ, пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу дерегі үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында қабылданған нормаларды атап көрсетті. Оның айтуынша, соңғы 2 жыл ішінде Алматы облысы аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара берудің 135, парақорлықта делдал болудың 4, әртүрлі құқыққа қайшы бизнес жұмысына араласудың 37 дерегін анықтаған.
Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін күшейту туралы тапсырмасы орындалып, Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізілді. Атап айтсақ, егер бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген «айтарлықтай мөлшерде пара беру» қылмысы үшін ең жоғары санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру болып, бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылған. Ал қазіргі жаңа заңнамаға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды. Бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа, яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.
Брифинг аясында Ернар Мақажанов бас бостандығынан айыру мерзімдерінің ұлғаюынан басқа, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін, айыппұл мөлшері де бірнеше есеге өскендігін де хабарлады.
– Енді қарапайым пара берушілер үшін (50 АЕК дейін) айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге, параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін өскен. Сол сияқты делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2 есеге ұлғайтылды. Сонымен қатар, бизнесті қорғауды күшейту контексінде, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді. Енді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бизнеске араласқаны үшін 2 жылдың орнына, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қаупі бар. Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы одан да қатаң жазаға, яғни 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады,– деді Е. Әбсейтіұлы.

Л. АЙДЫН.

Бөлісу:
ТегтерБРИФИНГ

ПІКІР ЖАЗУ