Коронавирус – қауіпті індет

1100

Бүгінгі күнге дейінгі эпидемиялық ахуал КӨҢІЛ алаңдатарлық. Коронавирус жұқтырғаны анықталған және ауыр жағдайларды айтпағанның өзінде, қазір екінің бірінің жақыны мен танысы екі өкпеден қысқан түсініксіз тұмаудан арыла алмАУДА. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 19285-ке жетті. Ал, қайтыс болғандар саны 140-ға жуықтады. Десек те, ақ халаттылардың көмегімен бұл індеттен жазылып, үйлеріне оралып жатқан науқастарың да саны артуда. Дер кезінде берілген көмек пен оқшауланудың арқасында сауыққан адамдардың саны күн сайын артып келеді. Әлеуметтік желілер болсын, баспасөз беттерінен болсын «тәж ауруды» жұқтырғандар мен қайтыс болғандар туралы ақпараттАН КӨЗ СҮРІНЕДІ. «Бұл қауіпті ауру болғанымен, өз-өзін оқшаулап, сақтық шараларын ұстанып, ем алса жазылуға болатынын айтқымыз келеді» – ДЕЙДІ МАМАН ДӘРІГЕРЛЕР. Елімізде бұл дерттен айығып шыққандар саны бүгінде 300-ден асты.

24 маусым күнгі ақпарат бойынша облысымызда 620 науқас тіркелген. Ал, 574 адам ауруларынан айығып шыққан. Сол ауруларынан жазылып шыққан адамдарды іздеп, олардың кеңесін сұрауды жөн көрдік. Жоғарыда айтқандай қазіргі кезде осы аурудан қаза болғандар саны 140-қа жақындады. Вирусты асқындырмай, уақытылы емдеудің нәтижесінде жазылып шыққандардың саны артуда.
Алматы облысы Денсаулық Сақтау басқармасының мәліметі бойынша облыста 600-ге жуық адам жазылып шыққан. Бірақ, кей науқастар вирус жұқтырғанын айтқылары келмейтінін жеткізді. Сонда да, осыдан бір апта бұрын емделіп, үйлеріне келген бір отбасынан хабарласып, ой бөлісулерін сұрағанда, аты-жөндерін жасыруымызды өтінді. Үш аптаға жуық ауруханада ем алған отбасының барлығының бүгінде жағдайлары жақсы. Текелі қаласында тұратын олар өздерінің COVID-19 вирусын жұқтырғандарын білмеген. Аяқ астынан тынысы тарылғанда жедел жәрдеммен алып кетіп, бір күнде түгел отбасын оқшаулаған екен.
– Басында мұрным бітіп, тамағым жыбырлап жүрді. Өзімнің бұрыннан аллергиям бар еді. Көктем кезінде қабынатын болғандықтан мән бермедім. Кешке қарай тынысым тарылып, дем алуым қиындап кетті. Ойыма бірден осы вирус келгенімен, қорыққанымнан не істерімді білмей қалдым. Ауруханаға барғым келмеді. Ақыры мүлде тыныс аламай қиналғанымда балаларым жедел жәрдем шақырды. Мен ойлағандай сол вирус екен. Барлығымыздан тез арада тест алды. Жолдасымда, келінім мен кіші немеремде және өзімде оң нәтиже көрсетті. Келінім жақында босануы керек, аяғы ауыр, 9-шы айында. Ең бірінші соны уайымдадым. Бірақ оларда ондай белгілер болмады. Ұлым мен үлкен немерем ғана үйде қалды. Мен бұл ауруға сенбеген едім. Тынысым тарылғанда қатты қорықтым. Дәрігерлердің арқасында үш күн дегенде есімді жинап, өз-өзіме әрең келдім деген емделуші бұл ауруға бей жай қарамуды айтады. Себебі, адамның тыныс алуы нашарлағанда өмір сүруі қиындайды екен. Басында вирустың барына сенбей, көпшілік ортада маскасыз, еш алаңсыз жүргенін айтады. Бәрінен бұрын аяғы ауыр келіні мен, кішкентай немересіне кесірім тиді деп өзін кіналаған емделуші барлық карантин ережелерін сақтап жүруді айтты.
– Барлығынан бұрын немереме қиын болды. Дұрыс сөйлей де алмайды, жылай береді. Өзімді аурудың барына сенбегенім үшін кіналап, қатты қиналдым. Ендігі жағдайымыз жақсы. Бірақ әлі де үй карантиніндеміз. Осы орайда дәрігерлерге алғысым шексіз. Күн-түн демей науқастардың жанында. Олардың киімдерімен жүруінің өзі бір ерлік. Адамдарға айтарым, дәрігерлердің жұмысына аз да болса сыйластықпен қарап, жеке гигиенаны ұстап, маска тағып жүрсе екен деймін. Ауру белгілері байқалған бойда уақыт өткізбей емделсе деген ақыл айтатын едім. Себебі, өз басымнан өткесін бәрін көрдім, қиналдым. Өзім ғана ауырмай балаларыма да кесірім тиді. Сол себепті, әр адам өзі ғана емес жақындары үшін де жауапты деп ойлаймын.

     Иә, қазір ешқандай симптомсыз осы індетті жұқтырғандар саны да азаймай тұр. Бастапқыда ешқандай белгі болмағанымен уақыт өте келе олардың да жағдайы қиындауда. Сол себепті уақытылы ем-дом қабылдап, дәрігерлердің көмегіне жүгінгеніміз дұрыс.
Кез келген ауруды асқынбай тұрып емдеген абзал. Дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгінген науқастардың да емделуі оңай болмақ. Өкінішке орай коронавирустың кей белілерін адамдар ажырата да алмауда. Сол себепті, ең алдымен бұл аурудың ерекше белгілерін жазуды жөн көрдік.
Таяуда Ресей денсаулық сақтау министрлігі шетелдік және өз тәжірибесіне сүйеніп, коронавирустың алғашқы белгілерін атады. Олардың айтуынша коронавирусқа тән инфекцияның алғашқы ықтимал белгісі – терінің зақымдануы. Ресейлік дәрігерлер атаған бұл белгіні бұған дейін Италия және Испанияның меди-циналық қызметкерлері байқаған болатын. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус бір қарағанда тұмауға ұқсайтынын үйреніп алғанын жазған еді. Express порталының мәліметінше, коронавирустың мұндай белгілерінде науқасты жөтел қысып, тыныс ала алмай, дене қызуы көтеріледі.
Алайда ең басында адамның жай ғана мұрны бітеліп, тамағы мен басы ауырады. Сондықтан, көп адам мұны жәй ғана тұмау екен деп дәрігерлерге жүгінбей қалады екен.
Дәрігерлердің айтуынша, вирус әуе-тамшы жолымен тарағандықтан, адам мұрным бітеліп жүр деген науқастан да COVID-19 жұқтыруы ықтимал.
Тағы бір ерекше белгі – иіс жоғалтады. Жақында Гарвард университеті медициналық мектебінің зерттеушілері коронавирустың тағы бір ерекше белгісін тапқан, ол – иіс жоғалту.
Коронавирустың тағы бір ерекше белгісі – конъюнктивит. Америкалық офтальмология академиясы маман-дарының айтуынша, коронавирустан конъюнктивиттің жеңіл түрі пайда болуы мүмкін – бұл аурудың шынайы вирус сипатын анықтау процесін қиындатады екен.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл симптом вирустың шырышты қабығымен немесе конъюнктивиттік аэрозолімен байланысқан адамдарда байқалады. Яғни вирус адам ағзасына көзі арқылы енеді.
Нәтижесінде вирус жұқтырған адамның көздеріндегі қан тамырлары ұлғайып, қышып, ірің пайда болады, көзге жиі жас жиналады.
Сонымен қатар, коронавирустың тағы бір ерекше белгісі – диарея. Бұл симптом аурудың ерте сатысында байқалады. Коронавирус тыныс алу жолдары мен өкпеге әсер ететіні белгілі, сондықтан көбіне ас қорыта алмай жүрген науқастар COVID-19 жұқтырдым деп ойламаған.

Г.БЕКСАУЫТҚЫЗЫ.

Бөлісу: