Мерекелік салтанатты шара

51

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында І. Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігім – тұғырым» салтанатты шарасы өтті.

Облыстың әр өңірінен түрлі этнос өкілдері, тарихи құнды заттарын, музыкалық аспаптарын, ұлттық киімдері мен көне кітаптарын әкеліп ұйымдастырған көрме мәдениет үйінің ішін ажарландыра түсті. Мерекелік кешке жиналған қауым тек концерттік шараны тамашалап қана қоймай, барлық этностың мәдениеті, тарихымен танысты.
Салтанатты шарада Алматы облысы әкімінің орынбасары Л.Тұрлашов құттықтау сөз сөйлеп, өңірдегі жалпыұлттық бірлік пен этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосқан этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділерді өңір басшысының атынан Құрмет грамотасымен марапаттап, Қазақтың қара домбырасын сыйға тартты.
Сонымен бірге Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің атынан облыстық мәслихат депутаты Зәкіржан Пірмұхамедұлы Күзиев сөз сөйлеп, облыс басшылығына және салтанатты шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Жетісу төрінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің кездесуі өтті. «Қоғамдық келісім» Мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Батыржан Байжұманов қатысып, ҚХА жанындағы барлық құрылым өкілдерімен жүздесіп, ой-пікірлерін тыңдады.
Өз кезегінде Б.Құлаймергенұлы елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімінің бірегей үлгісі қалыптасқанын, оның тиімділігін әлемдік қоғамдастық танығанын, ел бірлігін нығайтудың маңыздылығын айтып, осы бағыттағы жүктелген жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар ол ҚХА құрылымдары этносаралық келісімді сақтауға және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға үлкен үлес қосып жатқан барлық құрылымдарға дән ризашылығын білдіріп, келер жылға арналған бірқатар жоспарларды талқыланды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Бөлісу: