Мәдениет ошағы жаңартылуда

0
2414

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жүктелген міндеттер еліміздің мәдениет саласының дамуына серпін берді. Бағдарламадағы мақсат, міндеттерді жүзеге асыруда жер жәннаты – Жетісу жерінде де кең ауқымды шаралар атқарылуда. Бүгінде ел ішінде орын алған індетке қарамастан облыс бо-йынша 50-ге жуық мәдени нысанға күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

Соның бір жарқын көрінісі, Сарқан ауданына қарасты Қарабөгет ауылындағы іргетасы жарты ғасыр бұрын қаланған мәдениет ошағы жаңартылуда.
Ауылдық клуб 1975 жылы салынған. Содан бері бірде бір жөндеу жұмысы жасалмаған. Шатырынан еденіне дейін жаңартылып жатқан нысанның құрылысына 264 млн. 931 мың теңге бөлінген.
Бір қабатты нысанның аумағы 700 шаршы метр 220 көрермен залы бар, 11 адам қызмет етеді. Ал құрылыс жобасының мердігері – «Бағалы-Алакөл» ЖШС. Бүгінгі таңда барлық жұмыс кестеге сай жүргізілуде.
* * *
Сарқан ауданында ескірген аулалар да қайта жаңартылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 10 жоба жүзеге асуда десек, оларға бөлінген қаржы 619,065 млн. теңге. Ал бұл туралы көшпелі брифинг барысында аудан әкімі Талғат Қайнарбеков мәлімдеді.
Бүгінгі таңда аудан орталығындағы 9 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру, ретке келтіру көзделген. Құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржы — 210,000 млн.теңгені құрайды.
Айта кетсек, қазіргі таңда атқарылып жатқан шаруалар 85 пайызға аяқталып, нысандарда 53 адам еңбек етуде.

С. БАЗАРҚҰЛОВА.


ПІКІР ЖАЗУ