Тәуелсіздік пен желтоқсан — егіз ұғым

0
1682

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай талдықалада «Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын» атты ардагерлер мен жастар арасында кездесу өтті.

Шараға жиналған қауым алдымен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесімен танысты, егемен елдің қалыптасу жылдарына арналған бейнеүзіндіні тамашалады.
Басқосуда сөз алған Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Болат Тұрысбеков тәуелсіздік ұғымының маңыздылығына тоқ-талды. Осы орайда дайындаған «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында баяндама жасады.
Мұнан соң сөз алған облыстық ардагер әжелер ұйымының мүшесі Жамал Дәркенбаева да қастерлі тәуелсіздігіміз туралы тұшымды ойларын ортаға салды.
«Биыл қастерлі тәуел-сіздігімізге 30 жыл толады. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттық тұғырының нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Отыз жылда еліміз етек-жеңін жиып, шегарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан жалғасып келе жатқан ұлы жеңістің жемісі» – дей келе отыз жылда жеткен жетістіктерді саралап берді.
Сонымен қатар жиында «Желтоқсан желі – ызғарлы» тақырыбында «Жетісулық желтоқ-сандықтар» қоғамдық қорының мүшесі Қайырбек Сасықбаев баяндама жасап, желтоқсан оқиғасы туралы әңгімеледі.
Шара соңы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы әншілерінің әуезді әндерімен қорытындыланды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ