Шығармашылық бастауы үйірмеден

0
1077

Эльмира Молдахметова: «Отбасымызда – үш бала. Қызым – Бағым тұла бойы тұңғышымыз. Артынан ерген бір сіңілісі, бір інісі бар,  тіл көзім тасқа өте тату жүреді.  Қызым  М. Жұмабаев атындағы нөмірі 19 мектеп-гимназиясында оқиды. Балабақшада  жүргенде бірнеше мәрте республика көлемінде өткен түрлі жарыстарға қатысып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Бос уақытында би үйірмесіне  барады,  көбінесе сурет салады,  кітап оқығанды да жақсы көреді, сонымен қатар ертегілер оқиды. Достары көп, олармен қарым қатынасы өте жақсы. Жаз айынан бастап бейнелеу және оригами үйірмелеріне қатысып жүр. Суретті салу жолдарын, қағазбен әр түрлі құстардың, жануарлардың суретін жасауды үйренді. Жазғы демалыста   лагерьге де барып үлгерді.  «Мейірім» шығармашылық орталығына алғысым шексіз.  Ұстаздары өте керемет жандар,  оқытып  қоя салмай,   жанын, бар ынтасын салып, әр баланың зейінін оятып  жұмыс жасап отырғандарына үлкен рахметімді айтамын»

***

Жадыра Исабекова: «Үш балам бар.  Қызымның жасы тоғызда. Есімі – Адэль. Ол №28 мектептің 3-ші сыныбында  оқиды. Адэльдің екі інісі, бір сіңілісі бар. Үйдің тұңғышы болғандықтан, бауырмал және өте жанашыр. Бауырларын қатты жақсы көреді. Қызымның  жеке хоббиі сурет салғанды, қағаздан заттар жасағанды және түрлі подделкалар жасағанды қатты ұнатады.  Балабақшадан бері көптеген олимпиадаларға қатысып жүр, сурет байқауларынан 1-ші, 2-ші орын иеленген дипломдары өте көп. Қазір бос уақытында түрлі үйірмелерге барып  жүр. Атап айтсам,  ас шебері, ағылшын тілі курстарына қатысады.

Ал, Бақдәулетімнің жасы сегізде. Ортаншы баламыз. №28  мектепте 2-ші сыныпта оқиды. Бәрімен тез тіл табысады, өте  еңбекқор,  жан-жағына жанашыр. Бос уақытында сурет салғанды  ұнатады. Ұл бала болған соң,  доп қуалап, спорттық ойындар ойнағанды жақсы көреді. Жазғы демалыста «Мейірім» орталығына көркемсөз бен бейнелеу үйірмесіне барды.

 

Қызым – Айару. Оның жасы – бесте. Отбасымыздың кішкентай еркесі,  аға-әпкесіне еркелеп жүреді. Қызым сурет салғанды және бояғанды өте қатты жақсы көреді. «Мейірім» орталығына мүсіндеу үйірмесіне барады.

«Мейірім» шығармашылық орталығы ашылғаннан бері  балаларым сол жақта. Үшеуінің де осындай орталықтан көп нәрсені үйреніп жатқанына қуанамын, әрі мақтан тұтамын. Ұстаздарына айтар алғасымыз шексіз. Еңбектеріне жеміс тілеймін».

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 

 


ПІКІР ЖАЗУ