Демалыс орындарына жол ашылды

0
2993

Алматы облысының аумағында карантиндік шараларды күшейту туралы бірқатар мәселелер белгіленіп, өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шыққанын Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Жаңа қаулыда  бұрын белгіленген шектеуші шаралар сақталатын болады. Сондай ақ, туристік объектілерді пайдалануға қойылатын талаптар қамтылған. Мұнымен қоса аудандар мен қалалардың, ауылдық округтердің әкімдері, туризм субъектілері (объектілеріне), оның ішінде демалыс үйлері (базаларға, аймақтарға), туристік базалар, санаторлық-курорттық ұйымдары да өз кезегінде объектілер аумағына кіру кезінде дезинфекциялық тосқауылдар мен тоннельдер орнатуы қажет. Әр рейстен кейін автокөлікті дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізушілердің гигиенасына жағдай жасауы тиіс. Демалушыларға  демалу уақытында нысандар  аумағынан тыс жерлерге шығуына тыйым салынады. 100 орыннан  асатын объектіде медицина қызметкерінің штатын (немесе келісімшарт бойынша), изоляторы бар медициналық пункттерді қарастыру міндеттеледі.

Ал Қапшағай қаласы Қапшағай су қоймасының жағалауындағы демалыс аймақтарына және Іле ауданының Жетіген ауылдық округіне апаратын автожолда мобильді бекеттер алынып тасталды. Тағы бір атап өтерлігі, балалар сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер  әзірге жұмыс істемейді. Ал жұмысын жалғастыратын нысандарда барлық санитарлық-дезинфекциялау талаптары сақталуы қажет.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

 



ПІКІР ЖАЗУ