7 мың гектардай егіс айналымы іске қосылады

0
2541

Бүгінде  өңірде су шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Ақсу ауданында  да   суармалы сумен қамту мәселесі шешілуде. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылағаш алабындағы суармалы жүйелер құрылысының жаңа жобасы дайындалып,  өз кезегінде тағы 7 мың гектар жерді суармалы сумен қамтуға мүмкіндік бермек.  Қазір Қызылағаш су қоймасы, бастоған торабы, өзендегі магистралды канал қайта жаңғыртылып, жұмысы толық қалпына келтіріліпті.

«Маңызды нысанның құрылысы 2016 жылдың желтоқсан айында басталған, полтинаның автоматтандырылған басқару жүйесін және төтенше жағдай кезінде халықты құлақтандыруға арналған локальді жүйені орнату жұмыстары ғана қалған. Қазіргі кезде бұл жұмыс жобаларының барлығы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Оларды орнату тиісті процедуралардан кейін басталады»,  – дейді  «Қазсушар» РМК Алматы филиалының директоры Смайыл Куметов.

Өз сөзінде ол шаруа қожалықтары суармалы суға зәру болғандықтан плотинадан Қызылағаш ауылының алқаптарына су жеткізілетінін,  700 гектардан астам жер жандандырылатын ылғалмен қамтамасыз етілгенін айтады.  Қазірдің өзінде су қоймасында   20 млн. текше метр су жиналыпты.

Ауданда ирригациялық жүйелерді дамыту жұмыстары да жүріп жатыр. Қызылағаш алабында суару желілері құрылысының жаңа жобасы  дайындалуда. Соның нәтижесінде 7 мың гектар жер егіс айналымы іске қосылып, сумен қамтамасыз етіледі. Өңір  бойынша бұл цифр 140 мың гектарды құрайды. Осылайша Қызылағаш ауылдық округінде қосымша 200-дей шаруа қожалығын құруға мүмкіндік бар. Бұл жоба қазір мемлекеттік сараптаманың қарауында.

Осы шаралардың барлығы негізгі міндет – қант қызылшасы, соя, бидай, жүгері және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарын жандандырылатын ылғалмен қамтамасыз ету. Жобаны сапалы жүзеге асыру үшін уақыт керек, суармалы су әзірге шығынмен болса да су қоймасынан шаруа қожалықтарының алқаптарына жеткізілуде.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ