68 үміткерге сертификат берілді

0
3198

2020 жылы 1 шілдеде Қазақстанда «Неке ( ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңның 89-бабына түзетулер күшіне енді. Онда бала асырап алуға өтініш білдірген адамдарды патронаттық ата-аналар мектебінде оқуға міндеттеді. Ал осы уақытқа дейін бұл өз қалауы бойынша болған-тын.

Бүгінде Алматы облысында 68 үміткер мектептен өтіп, сертификат алды. 80 адам алдағы 2021 жылы өз кезегін күтуде. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA» алаңында өткен брифингте белгілі болды.
«Ата-ана баласының тағдырына неғұрлым жауапты болса, соғұрлым баланың өмірі қауіпсіз болады. Мектепте оқу мүлдем тегін, ең бастысы – психологиялық дайындықтан өтіп, сертификат алу. Осы құжатпен әрбір азамат бала асырап алуға өтініш беруге құқылы. Оқу кезегінде 80-ге жуық адам тұр. Менің ойымша, бұл жақсы көрсеткіш. Демек, біздің балалар жақын арада өз отбасыларын табады, ал балалар үйіндегі жетім балалар саны азаяды» , – деді брифингте сөз алған Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ