Мүгедектерді қолдау – басты парыз

0
1495

Алматы облысында 67 мың кембағал жан бар. Оларды қоғам өміріне белсене араластыруда мемлекет қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Енді олар үшін «әлеуметтік қызмет» порталы өз жұмысын бастады.

Аталған портал қызметіне жүгіне отырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздерінің жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдай алады. Денсаулық жағдайын жақсартуға арналған жабдықтардың құны мемлекет тарапынан төленеді. Егерде, негізгі құжатта көрсетілген сомадан тауар бағасы артық болған жағдайда, тұтынушы өзі қосымша ақыны төлейтін болады. Өтінім қалдырушы адам, өнімді берушілермен тікелей қарым қатынасқа түседі. Соның нәтижесінде, аталмыш портал бірыңғай цифрлық алаңға айналады.
«Порталды енгізу нәтижесінде тауарлардың үлкен таңдауы, оңалту құралдары мен қызметтері нарығына тең қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы артады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады», – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұратқызы.
Бүгінгі күні әлеуметтік қызметтер порталында оңалту техникалық құралдарының 55 түрі және қызметтердің 4 түрі енгізілген. Алматы облысында әлеуметтік қызметтер порталында реестрге техникалық оңалту құралдарының 7 жеткізушісі, санаторлық-курорттық емдеудің 6 жеткізушісі, арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 44 жеткізуші 4123 жеке көмекші, 71 ымдау тілі маманы тіркелген. Ал, жеке көмекшінің қызметі бойынша 2990 өтініш әлеуметтік қызметтер порталына жолданса, оның ішінде 2961 тапсырыс беріліп, ымдау тілі маманының қызметі бойынша 466 өтініш әлеуметтік қызметтер порталына жолданып, оның ішінде 453 тапсырыс берілген.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ