«ДӘРІГЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛFЫС»
Осындай атаумен ұйымдастырылған акция аясында нұротандықтар мен облыстық кәсіподақ ұйымы Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана қызметкерлеріне азық-түлік себеттерін табыс етті.
Аталмыш акцияны ұйымдас-тырушылардың сөзінше, бүгінде орталықта коронаіндетпен күреске 500-ге тарта маман жұмылдырылған. Ал, жалпы өңірдегі стационарларда 1000-нан аса ақ халатты абзал жан еңбек етуде. Сондықтан, бұл шара жыл бойы жалғаспақ. Ал акция аясында ай сайын 130-ға тарта дәрігерді қамтуды жоспарлауда. Бұдан бөлек, 12мамыр медбике күніне орай, ақшалай сертификаттар да табысталмақшы.
«Қазіргі уақытта ауруханада 260 адам ем қабылдауда. Індетпен күресуде дәрігерлеріміз барын салуда. Мұндағы әр маман қалтқысыз еңбек етуде. Акция аясында тапсырылған азық-түлік себеттерін індет-пен күресуде алдыңғы шепте жүрген реаниматологтарға арнап отырмыз. Бізде алты рениматолог маман бар» – дейді облыстық аурухана басшысының емдеу жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Базылжанова.
«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы былтырдан бері қолға алынып, бүгінге дейін 6 аудандық орталық ауруханаға 13 дана ИВЛ құрылғысы сыйға тартылыпты. Сонымен қатар тағы 4 орталыққа бетперде, мың дәрігер жеміс-жидек себетімен, 1000 л ұлттық өніммен қамтамасыз етілген.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ