Депутаттар Кеген ауданында болды

0
1372

ҚР  Парламенті Мәжілісі  депутаттарының өңіріміздегі  іс-сапары   аясында Жанарбек Әшімжан,  Жанна Телпекбаева,  Мәди Ахмет және облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаевпен бірге  Кеген ауданында болды.  Бұл туралы Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-сапар барысында халық қалаулылары   Ереуілтөбе ауылындағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісінде құрбан болған ата-бабаларымыздың  рухына арнайы орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, маңына қойылған шағын музеймен танысты.

Бұдан соң  аудан тұрғындарының ұсынысы бойынша  депутаттар  Қарқара ауылындағы шабындық, жайылымдық жерлерге арнайы барып, ондағы елдің үніне құлақ түріп, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ететіндерін жеткізді.

Халық қалаулылары Кеген ауылында салынып жатқан 36 тұрғын үйдің құрылысымен  де танысты.

Іс-сапар соңы мәжілісмендердің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізуімен аяқталды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ