Бейбіт күннің батырларына арналған стелла ашылды

0
1126

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА «COVID-19» ДЕРТІМЕН КҮРЕСТЕ ЖАНҚИЯРЛЫҚПЕН ЕРЛІК ТАНЫТҚАН МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ «АЯУЛЫ АЛАҚАН» АТТЫ АРНАЙЫ СТЕЛЛА АШЫЛДЫ.

Арына да, ақ халатына да қылаудай дақ түсірмеген дәрігерлер халықтың денсаулығын сақтауда отбасына бармай, қауіпті індетпен күрестің бел ортасында жүрді. Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана дәрігерлерінің де тәжді тажалмен күресудегі еңбектері ерен, үлесі зор. К о р о н а в и р у с т ы ң алғашқы толқынында кеселге шалдыққандарды емдеу барысында өздері де індетке шалдығып, қайтыс болған дәрігерлер аз емес. Солардың қатарында облыстық ауруханадағы интенсивті терапия, жансақтау және анестизиология бөлімінің меңгерушісі болған Абай Сахариев те бар. Абай Мұхамедұлы эпидемия басталған күннен «қызыл» аймақтың қақ ортас Сондықтан да оны өлді деуге болмас – нағыз шайқаста қаза тапты деген жөн шығар. Ол мамандығын шексіз сүйген, жетік меңгерген маман еді. Сонымен қатар, өз ісінің нағыз жанкүйері болды. Қызметіне адал болған дәрігер өз міндетін қалтқысыз орындауда жанқиярлық ерлікпен көз жұмды. «Шығыс» ықшам ауданында орын тепкен модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы жанынан ашылған ескерткіштің ашылу салтанатында облыс әкімі Амандық Баталов «Аяулы алақан» мүсіні – аса қауіпті індетпен бетпе-бет келген медицина саласы қызметкерлерінің құрметіне арналатынын, жаһандық дертке қарсы күрескен ақ халатты жандарға деген ел құрметінің белгісі екендігін айтты. «Бұл деген халықтың адал перзенттеріне ыстық ықыласының көрінісі. Ескерткіш ел басына қиынды туған сәтте қаһармандық көрсеткен жандардың рухына тағзым ету орнына айналады», – деді аймақ басшысы әрі жоба авторы А. Ғаббасұлы. Ізгілікті шарада тәжді тажалмен күресте алдыңғы шепте жүрген Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың реаниматолог-дәрігері Ілияс Нүсіпәлиев те ақ жарма тілегін арнады. «Бүгінде ел басына күн туған шақты бастан өткеріп отырмыз. Көзге көрінбейтін вируспен күресті – мылтықсыз майданға теңер едім. Бұл біздің әріптестердің, яғни, ақ халатты абзал жандардың мойнынаында жүрді. жүктелген үлкен жүктеме болды. Әлі күнге дейін дәрігерлер күн, түн демей тәжді тажалмен күресіп, ел амандығы үшін қалтқысыз қызмет етіп келеді. Әрқайсымыздың жүрегімізде бір ғана ой бар: ол – халқымыздың амандығы. Өзгенің өмірімен күресемін деп өзінің өмірін қиған әріптестеріміздің ерен еңбегі өлшеусіз деп білемін. Уақыт өтер, вирус та кетер. Бірақ, бір жұтым ауа үшін өзінің жанын қиған азаматтарымыз халқымыздың жүрегінде, жадында мәңгі сақталады деп ойлаймын. «Аяулы алақан» атты ерекше ескерткіш бейбіт күнде көз жұмған батырларымыздың ерлігін паш етпек.Осындай жарқын істі көріп өскен ұрпағымыз үшін бұл үлгі болмақ. Еліміз аман, жұртымызы тыныш болып, жайдарлы күнімізге қайта оралуға жазсын», – деген Ілияс Ержанұлы осындай тамаша жобаның авторы болған облыс басшысына риясыз алғысын білдірді. Айта кетейік, індет тұсында облыста амбулаториялық және стационарлық деңгейде 31 медициналық ұйым, 3455 медицина маманы жұмылдырылды. 900-ге жуық медицина қызметкері коронавируспен ауырып,  14- і көз жұмды.

С. ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ.


ПІКІР ЖАЗУ