ТҮРКСОЙ-Қазақстан ынтымақтастығы артты

0
278

Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл  туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова  ТҮРКСОЙ  Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында мәлімдеді.

«ТҮРКСОЙ-мен  ынтымақтастық шеңберінде 2022 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп бірқатар мәдени іс-шараларды ұйымдастырылды.

Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы тойланды. 2021 жылы Ыстамбұлда өткен «Қорқыт Ата түркі әлемі» алғашқы кинофестивалі түркітілдес елдердің кинематографистері арасында байланыс орнату үшін тиімді алаң болды.
Бурсақаласында өтіп жатқан екінші «Қорқыт Ата» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында «Ақ боз үй» көркем фильмі (режиссері Бекарыс Елубаев) және «Еуразия билеуші ханымдары» деректі фильмі (режиссері Алексей Каменский) ұсынылды.
Сондай-ақ  кинофестиваль аясында бірлескен қазақ-татар «Тарлан» фильмі (режиссер Юлия Захарова) ұсынылады.
Кинофестиваль
алаңы мәдени және көркемдік ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ ортақ тарихи және мәдени құндылықтарымызды нығайтуға және байытуға ықпал ететініне сенімдімін».
Кинофестиваль бағдарламасына қатысу үшін Қазақстанның киноиндустриясының жетекші өкілдерінен тұратын қазақстандық үлкен делегация келді. Құрамында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, актер Нұржұман Ыхтымбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Ақан Сатаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер, Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Жанат Қуанышова, «Номад стантс» касадерлік тобының жетекшісі Жайдарбек Күнгужинов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сатыбалды Текеев, кинопродюсер Анар Қашағанова т.б бар.
Кинофестиваль аясында қазақстандық кино күндері өтіп жатыр. Шараға «Ұлы дала таңы», «Мұзбалақ», «Дос-Мұқасан», «Мұқағали» фильмдерінің көрсетілімдері өтті.
Роза Кәрібжанованың айтуынша, бүгінде Қазақстан түркі елдерінің әртүрлі салалардағы тығыз ынтымақтастығын нығайтуда, әсіресе, Геральдика саласындағы ынтымақтастықтың маңызы зор: «2021 жылы Қазақстан Республикасында алғаш  рет геральдикалық зерттеулер орталығы ашылды.
Түркі халықтарының ортақ тарихын ескере отырып, символизм мен геральдикалық элементтерді зерттеу бойынша зерттеу жұмыстарының орасан зор маңызы бар.
2023 жылы «Геральдикалық зерттеулер орталығының» ғалымдары мен түркі геральдист-ғалымдары арасында тәжірибе алмасу жобасын іске асыру жоспарлануда».

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

 

 


ПІКІР ЖАЗУ