АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

0
294

Бұқаралық  ақпарат  құралдарына, онлайн-платформаларды  пайдаланушыларға  Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің  және  мәслихаттарының  депутаттығына кандидаттарға эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру туралы

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2023 жылғы 14 ақпаннан кешіктірмей кандидаттардың  үгіт материалдарын  жариялау  үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары  мен  тәртібі  туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ, ұсынуға тиіс:

—  Қазақстан  Республикасының  Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына;

— бір мандаттық  аумақтық сайлау  округтері  бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына облыстардың,  Астана,  Алматы  және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына;

— мәслихат депутаттарына  облыстардың,  Астана,  Алматы  және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларына.

Сонымен қатар  ӘҚБтК-нің  112-бабының  5-бөлігіне  сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың  үгіт  материалдарын бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  жариялау  немесе эфир алаңын беру шарттары  мен  тәртібі  бойынша  сайлау  алдындағы  үгіт  жүргізу басталардан  бес  күн  бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ, сайлау  комиссиясына төлем мөлшері  туралы  мәліметтерді  ұсынбаған, – лауазымды адамдарға  –  отыз,  заңды тұлғаларға  –  елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттарға  эфир  уақыты  мен  баспасөз бетінен орын берудің төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді  v.zheksembekova@election.gov.kz  электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймын.


ПІКІР ЖАЗУ