Басты мақсат – ел мүддесі

0
508

Данияр Бағдатұлы ЖЕКСЕНОВ, инженер ғалым: – Бүгінгі күні жүзеге асырылып отырған әлеуметтік саясаттың барар жері нақтыланып, оның бойындағы әлеуметтік әділдіктің ұстанымы мен жекелеген экономикалық бастамаларды қолдау міндеті қатарласа өріліп келеді. Осы бағыттағы мәселелерді ұдайы көтеріп жүрген Мемлекет басшысы әлеуметтік қамсыздандыру саясатын «қайта жаңғырту» қажеттігін естен шығарған емес. Осыған орай мемлекет үшін аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету негізгі міндетке айналып, мемлекеттік көмектің нақтылығы бекітілуі керек және оны алар кездегі талап лайықты қойылуы тиіс. Соңғы жылдары айтылған пікірлердің саналуандығына қарамастан мемлекет қарапайым халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін өте нақты әрі дер мерзімінде орындап келеді. Зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер кешіктірілмей, дер кезінде беріліп отыр. Мұқтаж отбасылар әртүрлі қолдауларға қол жеткізуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарды бағып отырған отбасыларға және көпбалалы аналарға ерекше көңіл бөлінуде. Дүниеге келгенде берілетін бірреттік жәрдемақы мен бала бағуға берілетін төлемдер, көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар балаларды өсіріп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы кешіктірілмей таратылуда.

Бұл бағытта атқарылар жұмысты жеделдете жүргізу керек: ең төменгі зейнетақыны кем дегенде 300 (үш жүз) мың теңгеге ұлғайту; зейнеткерлік жасты төмендету: әйелдерді 55 жасқа дейін, ерлерді 57 жасқа дейін;  ауыл шаруашылығын дамыту үшін ауыл тұрғындарына субсидияларды қолма-қол беру. Жаңа технологияларды ескере отырып, ауыл шаруашылығын жандандырудың жаңа бағдарламасын әзірлеу;  балаларға арналған жәрдемақы мөлшерін ұлғайту. Қажетсіз құжаттарды жинау түріндегі кедергілерді жою; мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктерді арттыру және жыл сайын мүгедектікті растау талаптарын жою сынды аса маңызды міндеттер алдымызда тұр.Мен осы бағыттар бойынша тынымсыз жұмыс істеуді өз міндетім деп санаймын.

 


ПІКІР ЖАЗУ