Электр тоғы — қауіптің көзі

0
519

Талдықорған  қаласындағы  Терешкова  қиылысына  қарама-қарсы Шахворостов  – Чкалова  көшесінің бойында  трансформатордан үйлерге қарай  тартылған  күштік  кабельдің  үзілу  қаупі  бар. Бұл  мәселе   бойынша  кімге  жүгінерін   білмейтіндігін айтқан тұрғындар   редакциямызға   хабарласқан еді.

«Тиісті  шара  қолданылмаса,   балалар  алаңы  арқылы  трансформаторға  өтетін  күштік  кабель  ерте  ме,  кеш  пе үзіліп,  біреуге зияны тие ме деп қорқамыз.  Қураған ағаш та осы кабельге ұсталып тұр. Жанынан өту қауіпті. Ал балалар осы маңайда күнде ойнайды»,  – дейді тұрғындар.

Тұрғындардың жанайқайына   қатысты ТҚ ЭЖА басшысы  А.Д.Чильменбетов былай дейді.

– Шахворостов және Чкалов көшелерінің қиылысында орналасқан 0,4 кВ кабельге қатысты: бұл 0,4 кВ кабель ЖК «Валишанова» теңгерімінде, «Бамбино» балабақшасы мен СТО-ны қуаттандыратын кабель. Талдықорған ЭЖА «ТАТЭК»  АҚ осы ақауды жою туралы ЖК «Валишанова» — ға хабарлама берді. Орын  алған келеңсіздіктер  түзелетін болады.


ПІКІР ЖАЗУ