«Жедел жәрдем» көлігі берілді

0
267

Жетісу облысында денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3,6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Осы қолдаудың нәтижесінде медицина мекемелерінің жабдықталуы 93 пайызға жетіп отыр. Ал жаңа жыл мерекесі қарасаңында Жетісу облысының медициналық ұйымдарының автопаркі 29 жаңа жедел жәрдем көлігімен толықты. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл үшін бюджеттен 750 млн. теңге шамасында қаржы бөлінді. Арнайы автокөліктердің кілттерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырып, халықтың денсаулығын нығайту, медициналық қызметтердің сапасын арттыру Мемлекет басшысының атқарушы органдардың алдына қойған басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Кезекші диспетчерлік қызметінің базасында тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталық бар. Онда халыққа жоғары білікті медицина қызметкерлері кеңес береді.
Биыл «Жедел жәрдем» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы аясында қайтарымсыз негізде «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен өңірдің 5 аудандық ауруханасына «JAC Sunray 6C» маркалы жедел жәрдем көлігі берілген болатын.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ