АУЫЛ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Сарқан, Ақсу, Кербұлақ және Ескелді аудандарындағы ауыл мектептерінің мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырды.
Семинарда Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру тақырыптары, сонымен қатар психологиялық қызметтің жұмысы көрсетілді.
Педагог-куратор-ұйымдастырушылар семинар қатысушыларын мектеп жобаларымен, кураторлық, тақырыптық сағаттарымен таныстырды. Қоғамға қызмет ететін әлеуметтік жобалар ерекше қызығушылық тудырды.
Семинар барысында Зияткерлік мектептің психологтары жасөспірімдер арасындағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алуда ұстаздың рөліне тоқталды.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»