NIS оқушылары үздік танылды

0
219

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «E-Kurultay» инновациялық жобасымен қалалық хакатон сайысында үздік танылды.

Қалалық Хакатонда информатика пәнінің мұғалімі Равиль Рамазановтың жетекшілігімен жас инноваторлар Жәнібек Таңырыс, Кәріма Мақан, Ақарыс Бауыржанұлы және Абай Жайлау өз жобасын ұсынды. Он екі сағаттық марафон «Ақылды қала» тақырыбына арналды.
Байқауды Astana Hub қолдауымен IT Hub Jetisu Digital компаниясы ұйымдастырды. Үздік өнертапқыштар атағына Талдықорған қаласының жетекші оқу орындарынан, оның ішінде ЖМУ, БИЛ, 20 лицей және басқа да қала мектептерінен 10 команда бақ сынады. Талдықорған NIS оқушыларынан құралған «Game Masters» командасы Хакатон қорытындысы бойынша екінші орынды иеленіп, 150 мың теңге ақшалай сертификатпен марапатталды.
Өнертапқыштардың айтуынша, «Е-Kurultay» қала менеджментін жетілдіру құралын беріп қана қоймай, азаматтардың шешім қабылдау процесіне белсенді қатысуын ынталандырады. Бұл технологияның үкімет пен халық арасындағы көпір қызметін атқарып, қаланы басқаруды неғұрлым ашық және қолжетімді ететінін көрсетеді. Ең бастысы, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» құру туралы үндеуіне жауап береді.
«Е-Kurultay» жастардың қаланы басқарудың болашағына қалай әсер етіп, оның алға жылжуын қамтамасыз ете алатынының жарқын үлгісі болып табылады.
Жас өнертапқыштарды және информатика пәнінің мұғалімі Рамазанов Равиль Гинаятовичті лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ