ШЕКАРАШЫЛАР ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

0
225

Сәуір айында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының құрылғанына 100 жыл толады. Мерейтойға арналған кешенді шара бірнеше кезеңнен тұрады.

Солардың бірі – ғылыми-практикалық конференция. Аталған шара Алматы қаласы бойынша Генералдар кеңесі отставкадағы генерал-майор Ш.Өтеповтің, отставкадағы генерал-майор Н.Асыловтың, ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу және Алматы облыстары бойынша департаменттерінің, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша «Застава тарландары» республикалық-қоғамдық бірлестігі филиалдар кеңесінің белсенді атсалысуымен ұйымдастырылды. Әскери ғылыммен айналысып жүрген офицерлер құрамы тарихын Жаркент шекара отрядынан алатын шекара басқармасының маңызды кезеңдері туралы баяндама жасады. Олардың қатарында Генералдар кеңесі төралқасының төрағасы ҚР Заң ғылымдарының кандидаты, генерал-лейтенант Б.Сарсеков, әскери ғылымдары мен әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, генерал-майор Н.Асылов, Панфилов ауданы бойынша шекара басқарма бастығы подполковник Б.Бұзаушиев, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, подполковник Н.Кудро, ғылым кандидаты, Шекара қызметінің ардагері, полковник Ө.Боранғазиев, әскери ғылымдар кандидаты, профессор, полковник А.Мартикян, әскери ғылымдар кандидаты, профессор, полковник В.Ващенко, Жетісу облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Панфилов ауданының бұрынғы әкімі, ҚР екі шақырылым Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Келемсейіттер бар.
Өз кезегінде ғылыми-практикалық конференцияның басы-қасында жүрген генерал-майор Шынтас Өтепов сөз алып, толғамды ойымен бөлісті. «Ұйымдастырылып отырған ғылыми-практикалық конференция тарихы тереңде жатқан шекарашылар туралы алда өтетін көлемді шаралардың бастамасы ғана. Келешекте 100 жылдық мерейтойға арналған жергілікті тұрғындармен кездесулер мен концерттік бағдарламалар Талдықорған, Жаркент қалаларында жалғасатын болады», – деді ол.
Мұнан кейін баяндамашылар Жаркент шекара отряды туралы тың деректер айтып, шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Конференция соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы
бойынша департаменті.


ПІКІР ЖАЗУ