ЖАҢА ЖОБАНЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ НЕДЕ?

0
639

«Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» ММ мен «Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлістігінің бірігіп ұйымдастыруымен «Жетісу облысында студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы жүзеге асырылады.

Аталмыш жоба аясында бірнеше іс-шара өткізу жоспарлануда. Соның бірі – 13-15 тамыз аралығында Алакөл ауданында өткізілетін «Жазғы лагерь» шарасы. Бұл шараға өңіріміздің мектеп оқушылары және жоғарғы оқу орындарының білімгерлері, барлығы 200-дей адам қатысады деп күтілуде.
Жобаны жүзеге асырушылардың сөзінше, «Жазғы лагерь» шарасы аясында оқушылар демалып қана қоймай, арнайы спикерлердің оқыту курстарына қатысып, білім алады. Жастар арасында қызығушылық, тәжірибе алмасу және белсенділік деңгейін арттыру, ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен брифингте «Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлістігінің үйлестірушісі Дәулет Адамбаев «Жетісу облысында студенттік және мектептік өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені» жобасы аясында жазғы және қысқы лагерь, 70 іс-шара, екі облыстық слет және тағы басқа да қосымша шаралар өткізілетінін тілге тиек етті. Ал бұл жобаны жүзеге асыруға 22 млн. теңге жұмсалмақ.
Жалпы жобаның мақсаты – студенттер мен оқушылардың дамуына жан-жақты көмек көрсету, мәдени, ұлттық, рухани-адамгершілік құндылықтарға бағдарлау, сондай-ақ, студенттер мен оқушылар арасында көшбасшыларды анықтау және жазғы демалысты ұйымдастыру болып табылады.

С. ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ.


ПІКІР ЖАЗУ