БИЛЬЯРДТАН ЖАРЫС

0
71

Талдықорған қаласындағы «Айсер» қонақ үйінің ғимаратында «Аристрократ» бильярд клубының қайта жаңғыруына байланысты коммерциялық турнир өтті.

Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған турнирдің ашылу салтанатына «Қазақстандық ардагер бильярдшылар Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі президенті Жақсылық Мырзахметов, Жетісу облысының құрметті азаматы, бильярд ойынының ардагері Сейілхан Беков қатысып, жылы лебізін білдірді.
Атаулы турнирге жалпы 51 – 63 жас арасында 35 адам, 63 жастан жоғарылар арасынан 22 адам қатысып, топ бойынша бөлініп, өзара бақ сынасты. Жастар арасында 11 жасар Савелий мен 10 жасар Камила Трубчининовалар қатысып, жақсы ойын нәтижесін көрсетті. Жарыс өте тартымды әрі қызықты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша 51-63 жас арасындағы ойында бірінші орын Болат Акчановқа бұйырды. Жүлделі 2 орынға Нұрбол Қалиахметов лайық деп табылса, 3 орынды Мерғасын Маратов пен Ермек Тынысбаев иеленді. Ал ойынның 63 жастан жоғарылар арасында бірінші орынды Павел Цой, екінші орынды Магруб Меняров алды. Үшінші орынға Талғат Сұлтанқұлов пен Сейілхан Беков лайық деп табылды.

З.БЫЖЫБЕК.


ПІКІР ЖАЗУ